Қоғам дертіне қарсы ортақ жауапкершілік
Сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемде кеңінен таралған аса қауіпті құбылыс екені мәлім. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген.
Сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемде кеңінен таралған аса қауіпті құбылыс екені мәлім. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымдық қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау – осының бәрі сыбайластық жемқорлық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл дегеніміз – бұл заңдылық; адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы; жариялылық пен ашықтық; мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Оның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғам дерті екенін ескере отырып, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) мемлекеттік органның не өзі жұмыскері болып табылатын ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар беруі тиіс.
Осы дерттің ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу – барлық ел азаматтарының міндеті және азаматтық борышы екенін естен шығармаған жөн.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ!