Катонқарағай ауданында әсерге толы «Аламан бәйге» жарысы өтті

Шығыс Қазақстан / Өскемен 14-06-2025, 11:04
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен ірі жарыстардың бірі – «Аламан бәйге» өтті.
 
XXIII халық спорт ойындарының аясында ұйымдастырылған бұл жарыс өңірдің түкпір-түкпірінен келген көрермендерге арналған үлкен мерекеге айналды. Ат спорты мен ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған бұл шарада көрермендер тартысты додаға куә болды.
 
Жарыстың құрметті қонағы – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов. Ол бәйгені тамашалап, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.
 
25 шақырымдық бәйгеде жүлделі орындар келесідей бөлінді:
 
• Тарбағатай ауданынан келген Манап Әбілмансұр «Зағип» атты тұлпарымен бірінші орынға ие болды.
 
• Күршім ауданынан Дәулет Темірлан «Барыс» атты тұлпарымен екінші орын алды.
 
• Үшінші орынды Зайсан ауданынан келген Дулат Нұралин мен оның «Арбат» атты тұлпары жеңіп алды.
 
Жүлде қоры да ерекше болды:
 
• бірінші орынға — автокөлік,
• екінші орынға — 1 миллион теңге,
• үшінші орынға — 700 мың теңге берілді.
 
«Аламан бәйге» — бұл тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын жалғап, дала рухын, ұлттық бірлікті еске салатын ұлы дәстүр.
Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар