Зайсанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бәйге өтті

Зайсан қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ұлттық ат спорты жарысы – бәйге өтті. Аудан әкімінің жүлдесі сарапқа салынған дүбірлі додада өңір шабандоздары мен бапкерлері бақ сынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бәйге түрлері бойынша жеңімпаздар мынадай:
Тай жарысы (5 км)
Бұл жарысқа 8 шабандоз қатысты.
– 1-орын: Қанатұлы Айбар (ат иесі – Мұхамадиев Бекболат, бапкері – Шаймұратов Тұрсын, Қаратал ауылы)
– 2-орын: Манарбекұлы Қыдырәлі (ат иесі және бапкері – Рахымұлы Манарбек, Зайсан қаласы)
– 3-орын: Ақжол атты тұлпар (ат иесі және бапкері – Рахымұлы Манарбек, Зайсан қаласы)
Құнан бәйге (7,5 км)
Жарысқа 5 шабандоз қатысты.
– 1-орын: Манарбекұлы Қыдырәлі (ат иесі және бапкері – Захаров Асет, Зайсан қаласы)
– 2-орын: Мәнетұлы Ғибадат (ат иесі және бапкері – Қазез Мәйтәй, Қарабұлақ ауылы)
– 3-орын: Болатбек Расұл (ат иесі – Ажықановтар әулеті, бапкері – Ажықанов Санжар, Хайсан қаласы)
Топ бәйге (15 км)
Бұл сайысқа 15 шабандоз қатысты.
– 1-орын: Жұмақанов Ислам (ат иесі және бапкері – Төкенов Дәурен, Зайсан қаласы)
– 2-орын: Ерболұлы Жақсылық (ат иесі – Солтанов Алмас, бапкері – Әдешов Кенжебек, Қарабұлақ ауылы)
– 3-орын: Манарбекұлы Қыдырәлі (ат иесі және бапкері – Рахымұлы Манарбек, Зайсан қаласы)
Аламан бәйге (25 км)
Аламанға 6 шабандоз қатысты.
– 1-орын: Айдосұлы Олжас (ат иесі – Камек Алмас, бапкері – Сатархан Ұйымбол, Біржан ауылы)
– 2-орын: Мейрамхан Жанбош (ат иесі және бапкері – Ажықанов Санжар, Зайсан қаласы)
– 3-орын: Қанатұлы Айбар (ат иесі және бапкері – Мұхамадиев Бекболат, Қаратал ауылы)
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Аталған шара ұлттық спортты дәріптеп қана қоймай, жас ұрпаққа батыр бабалардың ерлігі мен рухын үлгі етуге бағытталған игі бастама ретінде жоғары бағаланды.