Ірі қара мен қой саны ұлғайды: өңірде асыл тұқымды мал өсіру дамып келеді

Шығыс Қазақстан 10-06-2025, 18:44

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің 5,6 пайызын құрап, тұрақты даму жолында. Биыл аймақтағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында ірі қара мен ұсақ мал басының өсімі байқалуда, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара саны 458 320 басқа жетіп, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 119,9 пайызды құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында – 243 296 бас (107,8%), ал тұрғындардың жеке шаруашылықтарында – 215 024 бас (137,7%).

Ал қой саны – 716 893 бас, бұл өткен жылмен салыстырғанда 102,2 пайызға тең. Оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында – 316 909 бас (106,5%), тұрғындардың жеке шаруашылықтарында – 399 984 бас (98,9%).

Өңірде мал шаруашылығының маңызды бағыттарының бірі – асыл тұқымды мал үлесін арттыру. Асыл тұқымды мал шаруашылығы республикалық палатасының деректеріне сәйкес, облыста 42 472 бас таза асыл тұқымды ірі қара малы бар. Бұл жалпы ірі қараның 10 пайызын құрайды. Сонымен қатар, асыл тұқымды қой саны – 59 030 бас, жылқы – 4 558 бас.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге асыл тұқымды мал өсіру мен мал өнімділігі мен сапасын арттыру бағытында мемлекеттік қолдау көрсетілуде. 2024 жылы осы мақсаттарға 4,7 млрд теңгеден астам субсидия (1011 өтінім бойынша) бөлініп, толық игерілген.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, мемлекет қой шаруашылығын қолдау үшін субсидияның бірнеше түрін ұсынады. Атап айтқанда:

  • тауарлық аналық қойлармен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге;
  • асыл тұқымды аналық қойлармен жұмыс істеуге;
  • отандық асыл тұқымды қойларды сатып алуға арналған субсидиялар қарастырылған.
  • 2024 жылы қой шаруашылығы саласы бойынша берілген өтінімдер (оның ішінде резервтік өтінімдер де бар) негізінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 480,5 млн теңге көлемінде субсидия төленген.

Қазіргі уақытта облыстың Глубокое және Катонқарағай аудандарында асыл тұқымды дорпер қойын өсіру ісі белсенді дамып келеді. Мәселен, Глубокое ауданындағы «Виситаев Р.Д.» қожалығы бірнеше жылдан бері дорпер тұқымын өсіріп келе жатқан шаруашылықтардың бірі. Бұл тұқымның әртүрлі климаттық жағдайларға төзімділігі – оны облыстың құрғақ оңтүстік бөлігінде де, қоңыржай аймақтарда да тиімді өсіруге мүмкіндік береді.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар