Нидерландтағы турнирде қазақ боксшылары сегіз медаль жеңіп алды

Спорт 11-06-2025, 15:49

Нидерландтың Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар бес алтын медаль алды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ел құрамасынан өз салмақ дәрежесінде Даниял Сәбит (50 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары) жеңіс тұғырына көтерілді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (65 келі) пен Сабыржан Аққалықов (75 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетсек, дүбірлі додаға еліміздің атынан 10 боксшы аттанған еді. Олардың арасынан ертерек Махмұд Сабырхан (55 келі), Ерхан Тұрдан (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Фото: olympic.kz

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар