ҮЕҰ-ға сыйлықтар тағайындау байқауы басталды

1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықты тағайындау бойынша байқауға өтінім қабылдау басталды.
ҮЕҰ-ға арналған сыйлық ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға мотивацияны арттыру мақсатында институционалдық қолдау көрсетуге бағытталған.
Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша тағайындалады. Бір бағыт бойынша сыйлық көлемі – 2000 АЕК.
Соңғы 8 жыл ішінде 486 үкіметтік емес ұйым қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге қосқан үлесін көрсетіп, сыйлыққа ие болды. Жыл сайын олардың шамамен 10-ы – бұл аудан мен ауылдық аумақтарды дамытуға қосқан үлесі үшін атап өтілген ауылдық ҮЕҰ.
Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді араласса, өз саласында көшбасшы болып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге елеулі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырып жүрсе – үздік ҮЕҰ арасында өтетін байқауға қатысуға шақырамыз.
Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қыркүйек (қоса алғанда) күні сағат 18:30-да (Астана уақыты бойынша) аяқталады.
Байқауға қатысу шарттары туралы толығырақ мына сілтеме арқылы біле аласыз:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/863651?lang=ru
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
8 (7172) 74-09-97, 74-07-41, 74-02-17.