Күзде ШҚО-ға «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келеді

Астанада «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының сапары ресми түрде басталды. Алдағы алты айда бұл «дөңгелекті емхана» еліміздің түкпір-түкпіріндегі 123 шалғай ауыл мен станцияға барып, 20 мың шақырымнан астам жол жүріп өтпек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстан бойынша 90 мыңнан астам адам сапалы медициналық көмек ала алады. Биылғы пойыз құрамында 36 маман жұмыс істейді: терапевт, хирург, педиатр, невропатолог, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, көз дәрігері, лор, онкомаммолог, гинеколог, уролог сынды дәрігерлер, сондай-ақ медиаторлар мен заңгерлер де халыққа қызмет көрсетеді.
Медициналық пойыз қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген: ЭКГ, УДЗ, флюорограф, гастрофиброскоп бар. Мамандар тексеруден өткізіп қана қоймай, қажет жағдайда шағын операциялар да жасайды.
Денсаулық сақтау министрлігі жобаның аясында техникалық жабдықтау мен медициналық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді өз мойнына алған.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы аялдамалар кестесі:
Дегелең – 4 қыркүйек (23:53) – 6 қыркүйек (19:15)
Белағаш – 6 қыркүйек (23:16) – 7 қыркүйек (20:55)
Ауыл – 7 қыркүйек (21:50) – 9 қыркүйек (21:30)
Предгорная – 10 қыркүйек (07:12) – 11 қыркүйек (20:40)
Тишинский – 12 қыркүйек (00:15) – 13 қыркүйек (21:00)
Черемшанка – 13 қыркүйек (21:44) – 15 қыркүйек (21:00)
Таусамалы – 16 қыркүйек (00:45) – 17 қыркүйек (20:50)
Күмістау – 17 қыркүйек (21:39) – 19 қыркүйек (20:50)
Бұқтырма – 19 қыркүйек (21:32) – 21 қыркүйек (20:50)
Заводинка – 21 қыркүйек (21:29) – 23 қыркүйек (20:50)
Тұрғысын – 23 қыркүйек (21:21) – 25 қыркүйек (20:50)
Жаңғызтөбе – 26 қыркүйек (06:22) – 27 қыркүйек (20:50)
Жарма – 27 қыркүйек (21:53) – 29 қыркүйек (20:59)
Таңсық – 30 қыркүйек (00:55) – 1 қазан (20:25)
Дәрігерлер күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды (13:00–14:00 — түскі үзіліс).
Елизавета Седых