Қазақстанда алғашқы жарты жылдықта 7,9 миллион м2 тұрғын үй пайдалануға берілді - өсім 6,6%

Қазақстан жаңалықтары 15-07-2025, 12:34

2025 жылдың І жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 3,3 триллион теңгені құрап,  өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,4%-ға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Оң динамика еліміздің 20 өңірінің 19-ында тіркелген.

Басты назар тұрғын үй құрылысына салынып отыр. Биылға жоспар – 19,2 миллион м2 тұрғын үй, оның 7,9 миллионы алғашқы жарты жылдықта пайдалануға беріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мұндағы көрсеткіш 6,6%-ға артты.

Ең көп өсім Түркістан, Ақмола, Ұлытау, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында тіркеліп отыр.
Министр атап өткендей, жалпы құрылыс саласы 2010 жылдан бері 7% шамасында өсім көрсетіп келеді. Ал соңғы екі жылда нақты көлем индексі тұрақты түрде 115%-дан жоғары болып отыр.


 @KZgovernment

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар