ШҚО-да өңір қонақтары үшін QR-гидтер әзірленеді

Шығыс Қазақстан 12-07-2025, 18:00

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің негізгі туристік нысандарына арналған QR-гидтерді енгізуді тапсырды. Арнайы QR-кодтар әуежайда, қоғамдық көлік нысандарында, қонақүйлерде және Өскемен мен басқа да туристік локациялардың танымал орындарында орналастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

QR-кодты сканерлеу арқылы туристер ШҚО бойынша ыңғайлы әрі қолжетімді гид ала алады. Онда қонақ үйлер, тамақтану орындары, көрікті жерлер, мәдени және табиғи нысандар туралы ақпарат, өзекті бағыттар мен қажетті байланыс нөмірлері қамтылады.

"Егер біз сапалы туристік сервисті дамыту туралы айтатын болсақ, ол өңірге келген қонақтың алғашқы қадамынан – әуежайдан басталуы тиіс. Адам бірден қайда демалуға, тамақтануға, тұруға болатыны немесе қайдан көмек алуға болатыны жайлы ақпаратқа оңай қол жеткізуі керек. Бұл әрбір қонаққа түсінікті әрі ыңғайлы болуы тиіс", – деп атап өтті облыс әкімі.
Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар