Жоғары білім: елімізде грантқа өтініш қабылдау басталды

Қазақстан жаңалықтары 14-07-2025, 12:12

Қазақстанда жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтініштер қабылдау басталды. Конкурсқа құжаттар тапсыру 13 шілдеде басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Altainerws.kz тілшісі ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер грантқа үміткер ретінде құжат тапсырған. Ең көп өтініштер педагогикалық ғылымдар мен инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша тіркеліп отыр.

Биыл талапкерлер өтініштерін екі жолмен тапсыра алады: электронды түрде – egov.kz порталы арқылы; дәстүрлі түрде – кез келген ЖОО-ның қабылдау орталықтары арқылы.

Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар қажет:
– жеке куәлік;
– ҰБТ сертификаты;
– 3х4 көлеміндегі фото;
– орта білім туралы аттестат (немесе колледж түлектері үшін диплом);
– жеңілдік санатына жататындар үшін растайтын құжаттар.

Білім грантын алу – мыңдаған жас үшін болашаққа бастар үлкен мүмкіндік. Сондықтан талапкерлерге құжаттарын дер кезінде рәсімдеп, таңдау жасау жауапкершілігі жүктеліп отыр.

Фото: depositphotos.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар