Жаңа бизнес-идеяларға грант алу үшін өтінім қабылдау басталды

Жаңалықтар 13-05-2025, 12:18 0

Биыл 21 мамырдан бастап Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бірінші лек бойынша грант алуға өтінімдер қабылданады. Республика көлемінде 4 500 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Грант қайтарымсыз негізде беріледі және оның басты мақсаты – азаматтарды кәсіпкерлікке ынталандыру, жаңа бизнесті бастау мен дамытуға қолдау көрсету. Грант мөлшері – 400 АЕК немесе 1 572 800 теңге. Әрбір қатысушы мұндай грантты тек бір рет ала алады.

Бұл қаражат арқылы кәсіпкерлер өз ісін бастап, өндірісін жолға қоюға, жеке табысын тұрақты етуге мүмкіндік алады.

Өтінім беру үшін не істеу керек?

  1. Порталда тіркелу;
  2. Грант алу шарттарына сәйкестігіне онлайн тексеруден өту;
  3. Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, толтырып порталға енгізу;
  4. Өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою.

Грант алуға кімдер үміткер бола алады?

  • Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
  • Тіркелген мерзімі 3 жылдан аспайтын жеке кәсіпкерлер.
  • Сондай-ақ, үміткер мынадай әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс:
  • Мүгедектігі бар адамдар;
  • Қолданыстағы "қандас" мәртебесі бар тұлғалар;
  • Өңіраралық қоныс аударушылар;
  • Аз қамтылған отбасылардың мүшелері;
  • Көпбалалы отбасының мүшесі (жұбайы / зайыбы);
  • Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар (жұбайы / зайыбы);
  • Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылар.
  • Сонымен қатар үміткерде «Бастау Бизнес» жобасы аясында соңғы үш жыл ішінде берілген кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өткенін растайтын сертификат болуы керек.

Грантты қандай мақсаттарға жұмсауға болады?

  • Қажетті құрал-саймандар мен еңбек жабдықтарын сатып алуға;
  • Технологиялық құрылғылар, мал, құс, көшет, тұқым алуға;
  • Өндірістік мақсаттағы ғимараттарды жалға алу шығындарын өтеуге.

Грант аудандық және қалалық комиссиялардың шешімі негізінде ұсынылады. Комиссия үміткерлердің бизнес-жобасын мынадай критерийлер бойынша бағалайды:

  1. Бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;
  2. Өнім өткізу нарығының пысықталуы;
  3. Қаржылық өміршеңдігі;
  4. Кәсіпкерлік қабілет деңгейі;
  5. Жаңа жұмыс орындарын ашу әлеуеті.

Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Оң шешім қабылданған жағдайда азамат банк деректерін жолдап, шартқа қол қояды және тоқсан сайын қаражаттың игерілуі бойынша есеп береді.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады