Жауынгерлік атыс сабақтары өтті

Сарыөзек гарнизонындағы механикаландырылған бригадасының жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, оқу-жаттығу полигонында бөлімнің әскери қызметшілерімен взводтардың жауынгерлік үйлесімділігі бойынша жауынгерлік атыс сабақтары өтті.
Жаттығу барысында взвод командирлері жеке құраммен жауынгерлік техникада бола отырып, рота командиріне қарсыласты жою туралы жағдай мен шешімін баяндады.
Шешім мақұлданғаннан кейін олар взводтың жеке құрамын басқарып, жауынгерлік атыстары кезінде шартты қарсыластың орналастырылған резервтерін талқандау, олардың диверсиялық-барлау топтарының көзін жою, қарсыластың қапталына және тылына маневр жасау, шартты қарсыластың позицияларын басып алуды және негізгі күштер келгенге дейін оларды ұстап тұру, рейд жүргізу сияқты тақырыпта іс-қимылдары көрсетіліп кеңінен пысықталды.
Одан өзге, взвод құрамында әр түрлі қашықтықтағы шартты қарсыластың брондалған нысандары мен тірі күшке еліктейтін нысандарға соққы бердi.