«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

Жаңалықтар / Спорт 2-12-2025, 15:37
2025 жылдың 7 желтоқсанында WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салады.
 
Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен 7 желтоқсан күні таңғы 06:00-де тамашалай алады.
 
Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық боксшының жекпе-жегі Frost Bank Center аренасында, Техас штатының Сан-Антонио қаласында (АҚШ) өтеді.
 
Отандасымыз Астанада өткен соңғы жекпе-жегінде Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа жіберіп, өз атақтарын қорғап қалды.
 
Сонымен қатар жаһан жұрты асыға күткен бокс кешінде кіші Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы жекпе-жек өтеді.
Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар