Бүгін Үкімет отырысында еңбек қауіпсіздігі мен туризм мәселесі қаралады

Қазақстанда ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету белсенді жүріп жатыр. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында 3000-нан астам ауылды интернетке қосу туралы инвестициялық келісім жасалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қол қойылған келісімге сәйкес, елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы 2026 жылдың соңына дейін аяқталмақ. Бұл – бастапқы жоспардан бір жыл ерте. Ал шалғай аудандар 2027 жылдың соңына дейін жерсеріктік байланыс арқылы интернетке қосылады.
Нәтижесінде, 2027 жылдың соңына қарай Қазақстан ауылдарының 99%-ы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді. Бұл – білім беру, медицина, мемлекеттік қызмет көрсету және цифрлық экономика салаларында үлкен серпін береді.
Жоба аясында:
- Мектептер, ауруханалар, әкімдіктер мен бюджеттік ұйымдар,
- Қоғамдық Wi-Fi кіру нүктелері,
- Мемлекеттік шекарадағы 40-тан астам өткізу бекеттері интернетке қосылады.
- Интернет ауылдарға 88% – талшықты-оптикалық, 12% – жерсеріктік арналар арқылы жеткізіледі.
Инвестиция көлемі 239 млрд теңгеден асады. Бұл толықтай бюджеттен тыс қаражат есебінен, «Қазақтелеком» АҚ-ның телекоммуникациялық инфрақұрылымын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ауылдарда ұялы байланыстың сапасын арттыру үшін мобильді базалық станцияларға жеткізілетін инфрақұрылым да нығайтылады. Бұл мобильді интернет жылдамдығы мен сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Дереккөз: ҚР Цифрлық даму министрлігі