Өрнек ауылы маңына заманауи санитарлық торап орнатылды – Катонқарағай

Өскемен / Жаңалықтар / Шығыс Қазақстан 29-07-2025, 11:09

 

Катонқарағай өңіріне сапар шегетін туристер үшін жол бойындағы жағдайлар жылдан жылға жақсарып келеді. Соның бір айғағы – Өрнек ауылы тұсындағы «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Рахман қайнары» автожолының 302-шақырымында орнатылған заманауи санитарлық торап.

Тазалық нысанын «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның ШҚО филиалы аудан әкімдігімен бірлесе отырып іске асырған. Жоба ауданның тұрақты даму қорының демеушілігімен жүзеге асқан.

Жаңа санитарлық модульдің жалпы аумағы 48 шаршы метрді құрайды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бөлек кабина, ана мен балаға арналған арнайы бөлме, намазхана және шағын сауда бұрышы қарастырылған.

Жол бойы сервистік қызмет көрсетуді Белқарағай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер жүзеге асыруда.

Айта кетейік, бұл – өңірде туристік бағыттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің нақты бір көрінісі. Сапар шегушілер үшін мұндай жағдайлар – жол жүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар