Күре жолдың бойындағы автобус аялдамалары жаңартылып жатыр – Катонқарағай ауданы

Шығыс Қазақстан / Өскемен 13-06-2025, 17:53

Катонқарағай ауданы арқылы өтетін республикалық автожол бойындағы автобус аялдамаларын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бірқатар елді мекендерде заманауи жаңа павильондар орнатылып, бұрыннан бар аялдамалар жөнделіп, абаттандырылып жатыр, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Жұмыстар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып жүргізілуде. Барлық аялдамалар қоршалған, бұл малдың кіруін болдырмауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді.

Жаңартылған павильондар ауа райынан қорғайды және шалғай ауыл тұрғындары үшін қоғамдық көлікті күту процесін әлдеқайда ыңғайлы етеді.

 

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар