ШҚО-да «Қаратоған» каналының 4 шақырымы тазартылды

Шығыс Қазақстан / Өскемен 17-06-2025, 17:35

Шығыс Қазақстанда Кендірлік суару жүйесіне қарасты каналдар арнасы тазартылып, 100-ден астам шаруа қожалығын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, «Қазсушар» РМК ШҚО филиалы Кендірлік суару жүйесіне кіретін «Қаратоған» магистралды каналының 4,2 шақырымында механикалық тазарту жұмыстарын жүргізді.

– Бұл жұмыстарда жаңа арнайы техника қолданылды. Нәтижесінде шалғайдағы шаруа қожалықтарына су молынан жете бастады, судың жерге сіңіп кетуі де азайды. Бүгінгі таңда филиал Кендірлік суару жүйесі арқылы су жеткізу бойынша өңірдегі 108 шаруашылықпен келісімшарт жасасты, – деп хабарлады министрлік өкілдері.

Айта кетейік, Кендірлік жүйесі – ШҚО-дағы ауыл шаруашылығы үшін маңызды су көзі. Су арналарының уақытылы тазалануы өнімділікті арттырып, фермерлер үшін тұрақты су ресурсына қол жеткізуге жол ашады.

Елизавета Седых

Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар