ШҚО-да 50 шақырымнан астам суару арналары тазартылдыs

Шығыс Қазақстан 11-06-2025, 15:42

Биыл Шығыс Қазақстан облысында вегетациялық кезең ерте басталды. Қазіргі кезде өңірде суару маусымының белсенді кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, вегетациялық кезеңге дайындық аясында «Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 55 шақырым ирригациялық арналарды тазартып шықты. Атап айтқанда, Ақжар учаскесінде 8 шақырым, Зайсан учаскесінде 9,3 шақырым, ал Күршім учаскесінде 37,7 шақырым арна тазартылған.

Жақын арада қосымша тағы 30 шақырым арнаны тазарту жоспарланып отыр.

– Биыл Шығыс Қазақстан облысында вегетациялық кезең 10 күн бұрын басталды. Қазіргі кезде суару маусымының белсенді фазасы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда шаруалармен су жеткізу бойынша 290 келісімшарт жасалды, – деді «Қазсушар» РМК ШҚО филиалының директоры Нұржан Әміржанов.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Елизавета Седых

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар