«Таза Қазақстан»: ұлттық тазалық стандартын әзірлеу ұсынылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасын жаңа деңгейге көтеріп, ұлттық тазалық стандартын әзірлеу туралы ұсынысы қоғамда қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Ұлттық бірыңғай стандарт елді мекендердегі тазалық пен абаттандыру жұмыстарына қойылатын талаптарды жүйелеп, нақты тәртіп қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте тазалықты тек сенбілік пен абаттандыру жұмыстары аясында қарастырмай, оны әр азаматтың күнделікті әдетіне айналдырудың маңызы зор.

«Тазалық тек сенбілік немесе абаттандыру жұмыстарымен шектелмеуі керек. Ол әр азаматтың күнделікті әдетіне, қоғамның ортақ мәдениетіне айналуы қажет. Бірыңғай ұлттық стандарт осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, елді мекендердегі тазалық пен абаттандыруға қойылатын талаптарды нақтылауға мүмкіндік береді. Ең бастысы – таза әрі жайлы ортаны қалыптастыруға мемлекеттік органдармен қатар қоғамның әр мүшесі өз үлесін қосуы тиіс», – деді Қамасова Зарина.

«Таза Қазақстан» бастамасының тиімді жүзеге асуы мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, тұрғындардың жауапкершілігі мен қоғамдық мәдениетке де байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық тазалық стандарты ортақ талап пен жауапкершілікті қалыптастырудың маңызды құралына айналуы мүмкін.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter