ШҚО-да биыл 8,5 мың гектарға жуық егістікке су берілді

Шығыс Қазақстанда вегетациялық кезең қорытындыланды. Маусым барысында өңірдегі 8,5 мың гектарға жуық егістік алқабы   сумен қамтылды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Қазсушар» РМК ШҚОФ директоры Дәулет Жанысов мәлімдеді.
Филиал қарамағында Үйдене, Қандысу және Ұлан өзеніндегі Алебастр су қоймалары бар. Бұдан бөлек, мекемеге 7 су торабы мен су тарту құрылысы және 45 магистральды канал қарайды.
Биыл арнайы су пайдалануға 14 рұқсат рәсімделді. Су алудың жалпы лимиті 214,424 млн текше метрді құрады.
Суару маусымында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 809 шарт жасалды. Келісімдерге сәйкес 9 606,2 гектарға 47 893,1 мың текше метр су беру жоспарланған. Нақты 8 473,994 гектар алқапқа 40 443,403 мың текше метр жеткізілді.
Зайсан өндірістік учаскесінде 4 732,8 гектар жерді суаруға 26 410,649 мың текше метр жұмсалды. Ақжар учаскесінде 419,594 гектарға 2 923,854 мың текше метр, ал Күршімде 3 321,6 гектарға 11 108,9 мың текше метр су жіберілді.
Күршім өндірістік учаскесінде жоспарланған көлем толық берілді. Мамамандардың айтуынша маусым бойы филиал қызметкерлері шаруалардың егістігін қажетті сумен уақытылы қамтамасыз етті. 
Өңірдегі суару жұмыстары үш өндірістік учаскеде жүргізіліп, вегетациялық 
кезеңнің соңына дейін жалғасты.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter