Елімізде 14 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

Жаңалықтар 24-04-2025, 09:06 0

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 891 шетел азаматы еңбек етуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 891 шетел азаматы еңбек етуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, тартылған шетел жұмыс күшінің құрылымы бірнеше санатқа бөлінеді. Атап айтқанда:

  • Бірінші санат – басшылар мен олардың орынбасарларына арналған 570 рұқсат;

  • Екінші санат – құрылымдық бөлімшелердің басшыларына 2 439 рұқсат;

  • Үшінші санат – мамандар (4 541 адам);

  • Төртінші санат – білікті жұмысшылар (1 023 адам).

Сонымен қатар, маусымдық жұмыстар үшін 1 709 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 609 шетелдік маман тартылған.

Бүгінгі таңда елімізде шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 768 жұмыс беруші тіркелген. Олар 376 мыңнан астам Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамтып отыр, бұл барлық қызметкерлердің 96,4%-ын құрайды.

Экономикалық қызмет түрлеріне қарай ең көп шетел азаматтары келесі салаларда еңбек етеді:

  • Құрылыс – 5 131 адам;

  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 695 адам;

  • Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 351 адам;

  • Өңдеу өнеркәсібі – 1 232 адам.

Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігін Қытай (4 885 адам), Өзбекстан (1 614), Үндістан (1 150) және Түркиядан (1 124) келген азаматтар құрап отыр.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгіленеді. 2025 жылға арналған бастапқы квота жұмыс күшінің жалпы санының 0,2%-ын құрап, 14,8 мың бірлік деңгейінде белгіленген болатын. Алайда, наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың сұранысына сай бұл көрсеткіш 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады