Шығыс Қазақстанда медицина қызметкерлері марапатталды

Шығыс Қазақстан / Өскемен 16-06-2025, 16:54

Өскеменде кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күніне орай адам денсаулығы мен өмірінің күзетінде тұрған ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді. Салтанатты жиын «Ертіс-концерт» ғимаратында өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Атаулы күні облыстық филармонияның кең холы дәрігерлер, медбикелер мен фельдшерлер еңбегінің бейресми ескерткішіндей әсер қалдырды. Қабырғаларға өңір медицинасының тыныс-тіршілігін бейнелейтін арнайы фотокөрме ілініп, күнделікті еңбектің мың сан көрінісі – операция залдарынан бастап шалғай ауылдарға дейінгі бригадалардың жұмысы, дәрігерлердің мұқият жүзі мен пациенттердің риясыз алғысы көрініс тапты.
Салтанатты жиында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов медицина саласының бүгінгі жетістігін ең әуелі өз ісіне адал мамандармен байланыстырды.

— Ұлт саулығы – өз өмірін осы жолға арнаған жандардан басталады. Бүгінде облысымыз денсаулық сақтау саласын жаңғыртуда алдыңғы қатарда. Заманауи ауруханалар мен емханалар салынып, жаңа құрылғылар алынуда, үздік емдеу әдістері қолданысқа еніп жатыр. Маман кадрлар шетелдік клиникаларда тәжірибе жинақтап, оны елге әкелуде. Алайда ең озық техника да ақ халатты адамның жан жылуын алмастыра алмайды, — деді аймақ басшысы.

Әкім сондай-ақ медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен әлеуметтік қамтылуына ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Мемлекет ауылдық жерлерге дәрігер тартуға, жас мамандарды қолдауға, тұрғын үй мәселесін шешуге, кәсіби дамуды қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды іске асырып отыр.
Осы күні ондаған шығысқазақстандық ақ халатты жан лайықты марапатқа ие болды.

«Денсаулық сақтау ісінің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:
Күршім аудандық ауруханасының аға фельдшері Айжан Ахметова, Өскемен қаласындағы №4 аурухананың акушер-гинекологы Константин Кузьменко, облыстық онкология және хирургия орталығының онкологы Жомарт Садықов, Алтай ауданаралық ауруханасының педиатры Жанна Әкежанова және «Солжағалау» клиникасының акушер-гинекологы Назым Жамиғұлова.

«Еңбек ардагері» төсбелгісі ұзақ жылдарғы адал еңбегі үшін берілді:
«Ана мен бала орталығының» инфекционисі Нина Куризова, облыстық оңалту орталығының невропатологы Наталья Сотникова, Тарбағатай аудандық ауруханасының фтизиопедиатры Зиляш Қамбетова, Зайсан аудандық ауруханасының фельдшері Ғалия Қожекенова және Катонқарағай аудандық ауруханасының онкологы Ләйлә Мұратова.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі жоғары кәсіби шеберлік үшін табысталды:
Шемонаиха аудандық ауруханасының функционалдық диагностика дәрігері Сергей Бедарев, облыстық фтизиопульмонология орталығының пульмонологы Шарбат Қалиева, «Вита-1» клиникасының акушер-гинекологы Марина Маркашова, балалар стоматологиялық емханасының стоматологы Роза Орынбаева және облыстық көз микрохирургиясы орталығының офтальмологы Елена Трухинева.

Өңір медицинасын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар тапсырылды:
Риддер қалалық ауруханасының терапевті Гүлнара Кітапбаева, ЖИТС-пен күрес орталығының эпидемиологы Татьяна Башкирцева, психикалық денсаулық орталығы бөлім меңгерушісі Алтынай Тұрарова және патологоанатомиялық бюроның лаборанты Наталья Зорина.

Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен марапатталғандар:
Ұлан аудандық ауруханасының акушер-гинекологы Гаухар Сүлейменова, облыстық фтизиопульмонология орталығының медбикесі Виктория Кузюкина, Самар аудандық ауруханасының медбикесі Майгүл Ташкенбаева, облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың инфекционисі Екатерина Бухарина және Защита теміржол ауруханасының медбикесі Шынар Қоңырбаева.

Министрдің Құрмет грамотасы иегерлері:
Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың медбикесі Ольга Богданова, Өскемен қаласы №1 емханасының жалпы практика дәрігері Әсия Қуанышева, Алтай аудандық ауруханасының медбикесі Наталья Максимова және облыстық аурухананың невропатологы Елена Айнабекова.

«Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы:
Өңір медицинасын дамытудағы еңбегі мен мамандыққа адалдығы үшін облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығының бас дәрігері Гүлмира Сағидуллинаға берілді.

Облыс әкімінің Құрмет грамотасы иегерлері:
Өскемен қаласы №2 емханасының терапевті Қарлығаш Бейсенова, арнайы балалар үйінің медбикесі Людмила Виноградова, Глубокое аудандық ауруханасының медбикесі Роза Қанапьянова, облыстық қан орталығының фельдшері Фарида Құдайбергенова, облыстық аурухана жедел жәрдем бөлімінің фельдшері Ерден Асубаев және «Экомед-Шығыс» клиникасының акушер-гинекологы Назгүл Махамбетова.

«Сенім» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Үздік» төсбелгісімен марапатталғандар:
Облыстық онкология және хирургия орталығының ішкі аудит қызметінің басшысы Анна Кухарева, облыстық аурухананың аға медбикесі Зухра Құсайынова және Зайсан аудандық ауруханасының медбикесі Ғалия Қойшыбаева.

Салтанатты рәсім мерекелік концертпен және ақ желеңді жандарға арналған ұзақ қол шапалақпен аяқталды. Уақыт сынына төтеп беріп, антына адал қалған медицина қызметкерлері – тек маман ғана емес. Олар – күнделікті табандылықтың, батылдық пен адамға деген сенімнің символы. Шығыс Қазақстан медицинасы осындай жандардың арқасында алға басып келеді.

Дамир Омаров
Әл-Сана Азамат
Фото: Махаббат Ахметжанова
Бейне: Евгений Щетников

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар