Шекара бекеттеріне жаңа техника мен қаржы бөлінеді

Шығыс Қазақстан / Өскемен 14-06-2025, 18:00

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Мәжіліс депутаттары Катонқарағай ауданындағы шекара бөлімшелерінің қазіргі жай-күйімен танысты. Олар Р. Батырханов атындағы және «Өрел» шекара бекеттеріндегі жағдайды назарға алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара қызметінің күнделікті жұмысы мен қауіпсіздік шаралары сөз болды. Шекарашылардың дайындығы жоғары деңгейде екені айтылып, мемлекет шекарасының қорғалуы сенімді қолда екені атап өтілді. Сонымен қатар, бекеттердегі кейбір түйткілді мәселелер — ескі ғимараттар, жарықтың тұрақсыз берілуі және жол қатынасының қиындығы да көтерілді.

– Шекара бекеттерінің инфрақұрылымы ескірген. Кейбір ғимараттар сонау 1930 жылдары салынған. Электр жарығы тұрақты емес, ал кей жерлерге көлікпен жетудің өзі қиын. Осы мәселелерді шешу үшін келесі үш жылдық бюджетке қаржы қарастыруды депутаттармен келістік. Облыс бюджетінен де қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар, шекарашыларға қажетті техника, атап айтқанда пилотсыз ұшу аппараттарын сатып алу бастамасын көтереміз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

14 маусымда делегация «Уба» шекаралық бақылау бөлімшесіне баруды жоспарлап отыр. Бұл бекетке баратын жолдың да сапасы мәз емес, көлік қатынасы шектелген.

Шекарашылардың жұмысын жақсарту – ел қауіпсіздігін күшейту жолындағы маңызды қадам.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар