Шығыстың оқушылары халықаралық «AIBYN-2025» жарысына дайындалуда

Шығыс Қазақстан 11-06-2025, 18:54

«Shygys Aibyn-2025» облыстық жарысының жеңімпаздары халықаралық байқауға дайындалуда. Көктем мезгілінде Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімнің аумағында өткен «Shygys Aibyn-2025» облыстық әскери-патриоттық жарысында Алтай қаласындағы С.Нұрмағамбетов атындағы мектептің оқушылары жүлделі орын иеленіп, халықаралық деңгейде өңір намысын қорғау мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда алтайлық жас сарбаздар Ақтөбе қаласында өтетін республикалық «AIBYN-2025» байқауына дайындық үстінде. 

– Біз күн сайын саптық дайындық, спорттық жаттығулар мен алғашқы көмек көрсету сабақтарына қатысып жатырмыз. Әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындауға тырысамыз. Алдағы жарыста үздік нәтиже көрсету – басты мақсатымыз, – дейді команда мүшесі 8 сынып оқушысы Рыспек Алимхан.

Жаттығу барысында оқушылар саптық даярлық, әскери-қолданбалы спорт түрлері, алғашқы медициналық көмек көрсету және тактикалық іс-қимылдар бойынша білім-білік деңгейлерін шыңдауда. 

– Балаларда нағыз жауынгерлік рух бар. Командалық ауызбіршілік пен тәртіпті сақтай отырып, олар үлкен байқауға сенімді дайындалуда. Оқушылардың ынтасы жоғары, – дейді «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының ШҚО филиалы Республикалық қоғамдық төрағасы Дәурен Шоматов.

Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен бөлек, 11 шет мемлекеттен де оқушылар қатысуға өтінім беріп отыр.

Айта кетейік, Шығыстың жас айбындары 19 маусым күні ауқымды додаға қатысу үшін жолға шығады.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар