Риддер қаласында ер адам құрылыс саласындағы алаяқтық бойынша күдікке ілінді.

Өскемен / Қоғам 2-05-2025, 16:27 0

Риддер қаласының тұрғыны интернет-ресурстарда құрылыс және жөндеу қызметтерін көрсету туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Ол жалған мердігерлік шарттар жасасу арқылы жерлестерінің ақшалай қаражатын иемденіп, алған міндеттемелерін орындамаған. Оның әрекеттері салдарынан қаланың бес тұрғыннан астамы айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады. Аталған факт бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Айта кетейік, аталған баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Полиция азаматтарды, әсіресе интернет арқылы келісімшарт жасасқанда, сақ болуға шақырады. Қызметтерге ақы төлемес бұрын мердігердің беделін, нақты пікірлердің болуын, ресми құжаттарын тексеріп, тек сенімді компаниялармен ғана келісімшарт жасаған жөн.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады