ШҚО полициясы жасөсіпірімді марапаттады

Өскемен 30-03-2025, 14:08 1

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков 11 жасар өскемендік Диана Асатованы ерекше батылдығы үшін марапаттады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
8 наурызда жаттығуға бара жатқан «Торпедо» хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Диананың телефонын белгісіз ер адам тартып алып, қашқан. Жеткіншек абдыраған жоқ, тіпті табандылық танытып, күдіктінің соңынан жүгірген, смартфонын қайтаруға тырысқан. Алайда қылмыскерден қауіптенген ол полицияға хабарлауды жөн санайды.
Күдікті сол күні ұсталған. Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде.
ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков жас спортшының батылдығын атап өтті. Ол сенімді түрде түсініктеме беріп, оқиғаның барлық егжей-тегжейін нақты айтып та берген.

– Мен Дианаға ризалығымды білдіремін, – деді өңірдің бас полицейі. – Батыл қыздың әрекеті құрметке лайық. Мұндай қасиеттер жанұяда қалыптасады. Сондықтан алғысымды оның анасы – Ксения Сергеевнаға айтамын.

Сондай-ақ күдіктіні жедел ұстаған патрульдік полиция қызметкерлері марапатталды. Олардың кәсіби шеберлігі арқасында қылмыскер құрықталды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері осындай батыл балалар мен өз ісіне адал полицейлер ел болашағы екеніне сенімді.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады