«Ұлы жеңіс: Ерлікке тағзым» – 90 жастағы ұстазға арналған тағылымды кездесу

Жаңалықтар 24-04-2025, 15:20 1

Өскемен қаласындағы №5 орта мектепте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» жобасы аясында салтанатты патриоттық іс-шара өтті. Тағылымды шараны облыстық қорғаныс департаменті мен мектеп ұжымы бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласындағы №5 орта мектепте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» жобасы аясында салтанатты патриоттық іс-шара өтті. Тағылымды шараны облыстық қорғаныс департаменті мен мектеп ұжымы бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі жетекші – майор Жасұлан Сатыбалдиев бұл бастаманың облыс көлемінде жүзеге асып жатқан патриоттық шаралардың бір бөлігі екенін жеткізді.

– Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өңір бойынша көптеген патриоттық іс-шаралар өтуде. Бүгінгі ерлік сабағы да – сондай бастамалардың бірі. Тыл ардагері, осы мектеп түлектерінің бірі әрі ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен ардақты жан – Надежда Воронкованы құрметтеу – жастарды елін сүюге, ерлікке тағзым етуге тәрбиелеудің жарқын үлгісі. Білім ордасында тыл ардагерінің өмір жолына арналған патриоттық бұрыш ашылды. Онда ардақты ұстаздың өмірбаяны жазылған тақта ілініп, Надежда Сергеевнаның өзі тапсырған фотосурет альбомдары қойылды, – деді Жасұлан Асылбекұлы.

Шара барысында Надежда Сергеевна Воронковаға ерекше құрмет көрсетілді. Ардагер ұстаз бүгінде 90 жасқа толып отыр. Іс-шараға қатысқан оқушылар мен ұстаздар, сондай-ақ шақырылған қонақтар Надежда Сергеевнаның ерлікке толы өмір жолы туралы тыңдап, ұлағатты ұстанымына тағзым етті. Оқушылар концерттік бағдарламаларын ұсынып, кештің ажарын аша түсті.

– Бүгін мектебімізде облыстық қорғаныс департаментімен бірлесіп, Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлік сабағын» өткізіп отырмыз. Бұл сабақ тыл ардагері, ұстаз Надежда Сергеевнаның құрметіне арналды. Ол №5 мектепте 30 жылдан астам еңбек етіп, бірнеше буынды тәрбиеледі. Кейінгі жылдары да мемлекеттік қызметте табысты еңбек етті. Осындай тұлғаны жас ұрпаққа үлгі ету – біздің парызымыз. «Ерлік сабақтары» мектебімізде жиі өткізіледі. Сонымен қатар білім ошағында жас сарбаздар сыныбы жұмыс істейді. Осындай патриоттық шаралар жас ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқарады, – деді мектеп директоры Болат Мазанұлы.

Тыл ардагерін ұлықтауға келген еңбек ардагерлері де өз жылы лебіздерін білдіріп, жастар тәрбиесіне ерекше назар аудару қажеттігіне тоқталды.

– Бұрын жастар армияға баруға ұмтылатын. Қазір бұл қызығушылық азайып бара жатқандай. Бірақ әскери дайындық пен патриоттық тәрбие – ел болашағы үшін ауадай қажет. Осындай ерлік сабақтары жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, оларды батырлыққа, даналыққа баулиды, – деді танымал спортшы, күрестен талай ел чемпиондарын тәрбиелеген бапкер, Өскемен қаласы мен Зайсан ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Жанәділ Атаев.

Сонымен қатар мектеп ауласында Мемлекет басшысының «80 ағаш егу» бағдарламасы аясында ұстаздың шәкірттері мен туыстарының қатысуымен ағаш отырғызылды.

– Қазақта «Бір тал кессең, он тал ек» деген дана сөз бар. Ардагердің құрметіне ағаш отырғызу – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мұра болып қалуы тиіс, – деді майор Сатыбалдиев.

Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен өткен бұл шара – өткенге тағзым, бүгінгі ұрпаққа өнеге болды.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады