Катонқарағайда қар барыстары фототұзаққа түсті

Өскемен / Қоғам 2-05-2025, 13:49 2

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген аңдар – қар барыстарының бейнесін фототұзақ арқылы жария етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сирек кадрлардың бірі Аршаты орманшылығы аумағында түсірілген. Бұл фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан. Табиғат қорғаушыларының айтуынша, фототұзаққа іліккен қар барысы – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген жануар.

– Бұл жайт қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылып жатқан шаралардың тиімділігін дәлелдейді, – деп мәлімдеді ұлттық парк қызметкерлері.

Екінші қар барысы Алтай орманшылығы аумағында түсірілген. Бұл жолы фототұзақты орнатқан – жануарлар дүниесін қорғау және көбейту бөлімінің бастығы Ерік Қасымов пен инспектор Айдын Шәкенов.

Фото/видео: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады