Алтай ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

1 мамыр күні Алтай ауданында елдегі басты мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде тойланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл күн – қазақстандықтардың татулығы мен достығының, ұлтаралық келісімнің символы.
Дәстүрге сай, мерекелік іс-шаралар аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаңда өтті. Мұнда тұрғындар көптеп жиналып, мерекелік атмосфераны бірге сезінді.
Мереке «Бірлік марафонынан» басталды. Одан кейін этномәдени бірлестіктердің таныстырылымы өтіп, «Зыряночка» үлгілі би ансамблінің флешмобы ұйымдастырылды. Шара аудандық өнер ұжымдарының қатысуымен өткен әсерлі концерттік бағдарламамен түйінделді.
Биыл еліміз үшін маңызды дата – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бұл – бейбітшілік пен келісімнің, бірліктің нышаны. Ассамблея – әртүрлі ұлт өкілдерінің үнін еститін, көпұлтты еліміздің жарқын болашағы үшін жауапкершілікті бірге көтеретін орта. Бұл туралы Алтай ауданы әкімдігі өкілдері атап өтті.
Айтулы датаға орай қала тұрғындарына мерейтойлық медальдар табысталды. Бұл – олардың еңбегіне, белсенді азаматтық ұстанымына көрсетілген құрметтің белгісі.
Концерт барысында көрермендер белсенділік танытып, әрбір өнер нөміріне ерекше қошемет көрсетті.