30 жыл бейбітшілік пен жасампаздық»: Өскеменде ҚХА-ның маңызы атап өтілді

Өскеменде «30 жыл бейбітшілік пен жасампаздық» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстанда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде кең көлемде аталып келеді. Бүгінгі таңда да елдегі ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл мереке — бейбіт өмірдің, татулық пен рухани тұтастықтың, сондай-ақ азаматтық бірегейліктің нышаны.
Қазақстан – түрлі этностардың қалыптасу және бейбіт қатар өмір сүру тарихына бай ел. Бұл үрдіс әсіресе Шығыс Қазақстан өңірінде айқын байқалады.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның демографиялық даму үрдістері, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық қызметі, қоғамдық тұрақтылыққа қатысты социологиялық зерттеулер нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік құндылықтарды ілгерілету мен нығайтудағы жастардың рөлі туралы мәселелер талқыланды.