ШҚО журналисінің еңбегі Мемлекет басшысы тарапынан бағаланды

Өскемен / Президент / Шығыс Қазақстан Вчера, 23:05

Бүгін Мемлекет басшысы журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

БАҚ өкілдері Ақордада бас қосып, Шығыс Қазақстан облыстық «Менің өлкем» және «Buqara.kz» сайтының бас редакторы Талғатжан Мұхамадиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан награтталды.

Талғатжан Мұхаметбекұлы Өскемендегі С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ды «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО «Алдаспан» газетінде тілші болып бастады. ШҚО «Менің өлкем» газетінде тілші, республикалық «Жас қазақ», «Заң» газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші  қызметтерін атқарған. Бүгінде Buqara.kz сайты мен ШҚО «Менің өлкем» газетінің бас редакторы лауазымында.

Жалпы, ол жазған сараптамалар мен сұхбаттар, соңғы жылдары ден қоя бастаған жолсапар очерктері оқырман тарапынан жоғары бағасын алып келеді. Әріптесімізге қалам қуаты кемімей, әлі де ерлеп, жұмысы өрлей түссін дегіміз келеді.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар