Балалар лагерінде қауіпсіз демалыс: ТЖМ мамандары шеберлік сабағын өткізді

Өскемен / Шығыс Қазақстан 19-06-2025, 18:27

Шығыс Қазақстанда жазғы демалыс лагерлерінің маусымы басталды. Балалар үшін бұл – ойын мен қызыққа толы уақыт. Ал ата-аналар үшін – ең бастысы, баланың қауіпсіздігі. Осы мақсатта Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Апаттар медицинасы орталығының мамандары балалар лагерлерінде арнайы қауіпсіздік сабақтарын өткізуді қолға алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жазғы лагерлерде өткізілген шеберлік сағаттарда құтқарушылар мен дәрігерлер балаларға түрлі жағдайдағы әрекет ету тәсілдерін көрсетті. Балалар:

  • шартты өртті сөндірді,
  • жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсетті,
  • суға батып бара жатқан адамды құтқаруды үйренді.

Олар кедергілерден өтті, тапсырмаларды орындады, осылайша төтенше жағдайда не істеу керектігін нақты мысалмен көріп, біліп шықты. Балалар үшін бұл жаттығу сабақ емес, қызықты квестке айналды.

– Балалармен жұмыс істеу – өте маңызды. Өйткені қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдылары ерте жастан қалыптасуы керек, – дейді ТЖМ мамандары.
Ең есте қаларлық сәттердің бірі – кинологиялық топпен, яғни құтқарушы итпен танысу болды. Лабрадор тұқымдас «Хит» есімді иттің іздеу, құтқару қабілеті балаларды ерекше қызықтырды.

Сонымен қатар, құтқарушылар мен медицина қызметкерлері викториналар мен жарыстар ұйымдастырып, балаларға суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік, өрт болған жағдайда эвакуация ережелері және басқа да маңызды ақпараттарды жеңіл әрі ойын түрінде түсіндірді.

Мұндай сабақтар жаз бойы барлық лагерьлерде өтетін болады.

Фото: ШҚО ТЖД

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар