Табиғатпен бірге қауіп те келді: ШҚО-да рейд күшейтілді

Шығыс Қазақстан / Өскемен 18-06-2025, 16:51

Шығыс Қазақстан облысында күннің аптап ыстығы мен құрғақ ауа райына байланысты орман өртінің қаупі күшейіп тұр, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Өрттің алдын алу үшін облыс бойынша 52 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Олар полиция және жергілікті әкімдік өкілдерімен бірге орман алқаптарын аралап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазірге дейін шамамен 390-ға жуық рейд өткізіліп, өрт қауіпсіздігін сақтамаған 73 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Өрт сөндіру бекеттері жоқ ауылдар назардан тыс қалмаған. Мұндай елді мекендерде 48 өрт сөндіру бекеті мен 9 ерікті өрт сөндіру жасағы құрылып, қауіпті кезеңде дайындықтарын күшейтіп отыр.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды орманға барғанда немесе табиғат аясында демалғанда от жақпауға, темекі шоқтарын лақтырмауға, шөп пен қоқыс өртеуден сақ болуға шақырады. Өйткені бір ғана сіріңке бүтін бір орманды жалмауы мүмкін.

Дереккөз: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар