Шығыс Қазақстанда ірі велошара өтеді: ел чемпионаты мен жастар ойындары Өскеменде басталады

Спорт / Шығыс Қазақстан 22-06-2025, 15:11

2025 жылғы 23–29 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысында республикалық деңгейдегі ірі велоспорттық іс-шаралар өтеді. Қазақстанның велосипед спорты федерациясы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе отырып, бұл жарыстарды ұйымдастыруда.

Апта бойы жалғасатын веломарафон аясында бірнеше маңызды чемпионаттар мен жарыстар өткізіледі:

  • 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында тасжолдағы велоспорттан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты;

  • юниорлар мен юниор қыздар арасында VI Жазғы Жастар спорт ойындары;

  • параспортшылар арасында VII Жазғы Спартакиада;

  • ардагерлер арасындағы Masters санатындағы ҚР чемпионаты.

Жарыстар Өскемен қаласы мен Ұлан ауданының аумағында өтеді. Қатысушылар 15 км-ден 200 км-ге дейінгі қашықтықтарды еңсеріп, таулы өткелдер мен жолдардың күрделі бұрылыстарынан өтеді. Бағдар бойынша Аблакет, Тарғын, Алмасай ауыл округтары мен Самсоновка, Сағын, Бестерек ауылдары қамтылған.

Жарыс жолының басталуы мен мәресі – Өскемен қаласындағы Ольга Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика орталығының (Қаныш Сәтпаев даңғылы, 82/2) жанындағы арнайы велоқалашықта орналасады.

Іс-шараға еліміздің ең үздік спортшылары, оның ішінде әлем чемпионатының, Азия біріншілігінің және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады. Олар 2025 жылғы әлем чемпионатына жолдама алу үшін күш сынаспақ.

Ұйымдастыру комитеті

Фото: pexels.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар