Велошеру: алғашқы шақырымдар артта қалды 26 мамыр күні

Өскемен 26-05-2025, 18:17

Өскеменде еліміздің шығысынан бастау алған ірі велошеру жолға шықты. Велошеру 8 маусымға дейін жалғасып, қатысушылар шамамен 3 мың шақырымды еңсермек, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

– Бүгін Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Алтайдан – Оралға дейін» атты республикалық велошеру басталды. Оған барлығы 236 қатысушы, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 200-ден астам студенті қосылды, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің бас сарапшысы Жанна Абдуалиева.

Шара ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастыруымен, ШҚО әкімдігінің қолдауымен өтуде. Велошеруге әртүрлі жастағы спортшылар қатысып отыр.

– 2014 жылы Астанадан жаяу Меккеге дейін барып, күніне 100 шақырым жүріп өттім. 2017 жылы Астанадан Пекинге дейін велосипедпен жеттім. Марафондарға да қатыстым. Бұл жолы велошеруге шақырғанда бірден келістім. Жастарға үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттауға тырысамын, – дейді велошеруге қатысушы Дулат Иманқажы.

Велошеру – алға жылжу мен бірліктің, кәсіби шеберлік пен салауатты өмір салтының нышанына айналды.

– Мен 74 жастамын. 16 жасымнан велосипед спортымен айналысамын. Бір кездері техникумға тек велосипед алу үшін түскенмін. Содан бері спортты тастамадым. Велошеру туралы ести сала тіркеліп, Өскеменге қуана келдім, – дейді тағы бір қатысушы Виктор Маньков.

Шеру таңғы сағат 10:00-де Есенберлин даңғылындағы Тәуелсіздік монументі алдынан бастау алды.

– Жалпы қашықтық – 2 900 шақырымнан асады. Эстафетаны алдымен Абай облысына, кейін өзге аймақтарға табыстаймыз. Қатысушыларға сәттілік тілейміз, – деді ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов.

Велошеру Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Астана, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын қамтиды.

Қазіргі сәтте қатысушылар алғашқы шақырымдарды еңсеріп, межелі бағытпен алға жылып келеді.

Елизавета Седых

Фото: Екатерина Семина

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар