ШҚО әкімі халықаралық форумға қатысып жатыр
Шығыс Қазақстан / Өскемен
19-06-2025, 18:29

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан беделді халықаралық форумға қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18-21 маусым аралығында өтетін бұл шара – XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумы деп аталады. Биылғы форум «Көпполярлы әлемдегі өсімнің негізі – ортақ құндылықтар» деген тақырыппен ұйымдастырылған.
Ауқымды жиынға әлемнің 140 елінен 23 мыңнан астам қатысушы келген. Форумның басты сәті Ресей Президенті Владимир Путин мен шетелдік ресми өкілдердің қатысуымен өткен пленарлық отырыс болды.
Шара аясында халықаралық әріптестік, экономикалық даму және инвестициялық жобалар сынды маңызды мәселелер талқыланып жатыр.