Радиофобиямен күрес: ШҚО-дағы байланыс станцияларының электромагниттік өрісі өлшеніп тұрады

Шығыс Қазақстан 11-06-2025, 18:52

Өңірде 100-ден астам түрлі нүктеде 600-ге жуық өлшеу жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша мамандар зерттелген көрсеткіштердің шекті рұқсат етілген деңгейден асып кетуін анықтаған жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Қазақстан Республикасында байланыс объектілерін орналастыру және пайдалану үшін әлемдегі ең қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бірі қолданылады. Мысалы, еліміздегі базалық станциялар бойынша нормалар Скандинавия немесе АҚШ-қа қарағанда 10 есе қатаң, – деп мәлімдеді ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Ведомство облыс орталығында 5G технологиясын енгізуге байланысты 2025 жылға 1420 зерттеу жоспарланғанын қосты.

Зерттеулер электр (магниттік) өрісінің кернеуін және радио-техникалық объектілерден таралатын энергия ағынының тығыздығын өлшеу арқылы жүргізіледі.

– Ұялы байланыстың базалық станцияларынан шығатын электромагниттік өрістер деңгейіне санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу елді мекендер тұрғындарының әлеуметтік шиеленісін төмендетуге мүмкіндік береді, – деп толықтырды СЭБД.

Ағымдағы жылдың 9 маусымындағы жағдай бойынша мамандар 150 нүктеде 600 өлшеу жүргізген. Шекті рұқсат етілген деңгейден асып кету тіркелген жоқ.

– Радиофобия – қазіргі қоғамның күрделі мәселесі, бірақ ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, базалық станциялардың, оның ішінде бесінші буын желілері мұнараларының қауіпсіз екенін мәлімдеуге болады, – дейді департамент мамандары. 

Елизавета Седых

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар