ШҚО: Жылыту маусымына дайындық басталып кетті

Шығыс Қазақстан 10-06-2025, 18:40

Шығыс Қазақстанда алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды. Облыстық деңгейде арнайы штаб құрылып, 15 қыркүйекке дейін өмірлік маңызы бар нысандарды толық дайындау үшін кешенді жоспар бекітілді. Мұндай штабтар Өскемен мен Риддер қалаларында, сондай-ақ Алтай мен Шемонаиха аудандарында да жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановтың айтуынша, 22,4 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл қаражатқа:

  • 10 электр станциясы,
  • 33 қазандық,
  • 57,5 шақырым жылу желісі,
  • 537 шақырым электр желісі,
  • 39 шағын станция мен 55 трансформаторлық станция жөнделеді.

Сонымен қатар, 8,9 млрд теңгеге жылу желілерін жаңарту жұмыстары жоспарланып отыр. Ал 13,5 млрд теңге жылу көздерін жөндеуге бағытталады. Бұл қаржыға 18 қазандық агрегаты мен 3 жылу электр орталығының 13 турбинасы жөнделеді.

Жоспарланған жұмыстар жылу жүйелерінің тозуын 5,3 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, бұл – жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алып, тұрғындарды сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан нақты қадам.

Фото: pexels.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар