Түркі дүниесінің жыр мен ән мерекесі Алтайда жалғасуда

Шығыс Қазақстан / Өскемен 14-06-2025, 18:03

Бүгін Катонқарағай өңірінде “Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі” атты халықаралық фестивальдің екінші күні жалғасып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шара аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен халықаралық айтыс пен музыкалық кеш өтеді. Айтысқа Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолия елдерінен келген танымал ақындар қатысады. Олар сағат 11:00-де сахна төрінде сөз сайысына түсіп, жыр маржанын төгеді. Бұл айтыс – түркі дүниесінің ортақ мәдениетін дәріптеп, қазақ өнерінің рухани мәртебесін көтеретін үлкен оқиға болмақ.

Сонымен қатар фестивальмен қатар XXIII ұлттық халықтық ойындар да жалғасуда. Бүгін аламан бәйгенің жеңімпаздары анықталып, марапатталады.

Кешке қарай Алтайдың етегінде үлкен музыкалық фестиваль өтеді. Оған қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге шетелдік әртістер де қатысады. Кеш бойы әсем ән мен көңілді әуен таулы өңірді тербетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлайды.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар