ШҚО-да 4800-ден астам бала мектеп жанындағы тілдік лагерьлерге барып жүр

Өскемен / Білім / Шығыс Қазақстан 14-06-2025, 18:15

Шығыс Қазақстан облысында мектеп жанындағы тілдік лагерьлерді ұйымдастыруға бағытталған кең ауқымды науқан басталды. Қазірдің өзінде бұл лагерлерге 4 және 5-сыныпта оқитын 4822 оқушы қатысып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл бастама облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ШҚО білім басқармасы тарапынан жүзеге асырылуда және оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

Жазғы тілдік лагерьлер өңірдегі 343 білім беру ұйымының базасында жұмыс істеп жатыр. Жоба мемлекеттік және халықаралық тілдерді танымал етуге бағытталған кешенді іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асуда. Бағдарлама бірден үш бағытты қамтиды: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Лагерьлерде оқу үдерісі тілдік ортаға ену принципі бойынша құрылған. Балалар оқуға ойын және қарым-қатынас форматтары арқылы белсенді түрде тартылып отыр. Әр топта 12 оқушыдан артық болмайды, бұл жекелей оқыту тәсілін қамтамасыз етіп, білімді тиімді меңгеруге мүмкіндік береді.

Қазақ тілін облыстағы 155 мектепте 2215 оқушы, орыс тілін 164 мектепте 2142 оқушы, ағылшын тілін — 24 лицей мен гимназияда 347 оқушы меңгеріп жатыр.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жобаның негізгі мақсаты – балалардың тілдерге деген шынайы қызығушылығын ояту, бейресми оқыту арқылы олардың уәждемесін арттырып, мектептегі күнделікті өмірде тілдерді еркін қолдану дағдысын қалыптастыру. Мұндай тәсіл оқыту мен тілдік ортаны біріктіріп, балалардың өздерін еркін сезінуіне, еркін сөйлесуіне және алған білімдерін өмірде қолдануына жол ашады.

Мектеп жанындағы лагерьлер форматы оқыту мен бос уақытты тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді. Жоба екі аптаға жалғасады және 20 маусымға дейін созылады. Алдағы уақытта табысты тәжірибелерді оқу жылының басқа кезеңдеріне бейімдеу жоспарланып отыр.


Фото: ШҚО білім басқармасы

Дамир Омаров


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар