Шомылу маусымына дайындық: ШҚО туристерге жайлы болмақ

Шығыс Қазақстан 11-06-2025, 18:57

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жазғы демалыс маусымына дайындық, туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығы басты тақырыптардың бірі болды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Жаз басталып, ел бойынша шомылу маусымы жақындап қалған тұста Шығыс Қазақстанда қауіпсіздікке қатысты шаралар қолға алынды. Бұл туралы облыс әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлескен жұмыс кеңесінде талқылады.

Суға шомылуға рұқсат етілген жерлерде қазір қауіпсіздік талаптарына сай жұмыстар жүріп жатыр. Құтқарушылар алдын ала нұсқаулықтар өткізіп, туристік аймақтарда қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеруде.

Қандай шаралар атқарылды?

Кене көбейетін аумақтар арнайы өңдеуден өтті;

Судың сапасы тексерілді – химиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зерттеулер жасалды;

Демалыс орындары иелеріне қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулықтар берілді;

Туристер мен тұрғындарға қауіпсіз демалу туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өрт қаупі бар кезеңде орманды аймақтар мен демалыс базаларында бақылау күшейтілген. Қазірдің өзінде қауіпсіздік жадынамалары таратылып, адамдардың сауатты демалуына жағдай жасалуда.

Ең бастысы – демалыс кезінде өз қауіпсіздігіңізді ұмытпаңыз!

Фото: Махаббат Ахметжанова

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар