Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды

Спорт 2-07-2025, 14:31

Қазақстандық жас балуандар Вьетнамда өткен Азия чемпионатында ел мерейін үстем етті. 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен байрақты бәсекеде жерлестеріміз барлығы 38 медаль жеңіп алды. Оның 13-і – алтын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

23 жасқа дейінгі балуандар жетістігі:

Грек-рим күресі бойынша:

  • Алтын жүлде: Ерасыл Мамырбеков (55 кг), Исхар Курбаев (60 кг), Бағдат Сабаз (67 кг), Ақжан Ықыласов (77 кг)
  • Күміс жүлде: Мақсат Сайлау (87 кг), Юсуф Мациев (97 кг), Джохар Узоров (130 кг)
  • Қола жүлде: Диас Қалтай (82 кг)

Еркін күрес:

  • Алтын: Маийс Әлиев (70 кг)
  • Күміс: Мерей Базарбаев (61 кг), Елнар Шілдебай (86 кг), Нұрдәулет Бекенов (97 кг)
  • Қола: Нұрдәулет Сейілбеков (74 кг), Асхаб Хаджиев (79 кг), Әлімжан Сәлімжан (125 кг)

Әйелдер күресі:

  • Алтын: Виктория Хусаинова (59 кг)
  • Қола: Зейнеп Баянова (53 кг), Ангелина Первухина (55 кг), Тыныс Дүбек (62 кг)

Командалық есеп:

  • Грек-рим – I орын
  • Еркін күрес – II орын
  • Әйелдер күресі – III орын

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер нәтижесі:
Грек-рим күресі:

  • Алтын: Қуанышбек Жанажол (45 кг), Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг), Дамир Ақан (60 кг), Досбол Шамиль (65 кг)
  • Күміс: Сұңқар Зарап (51 кг), Әділет Тойшы (92 кг)
  • Қола: Ислам Ғасымов (71 кг)

Әйелдер күресі:

  • Алтын: Жайдар Мұқат (61 кг)
  • Күміс: Сания Сұлтанғали (49 кг), Мадхия Усманова (57 кг)
  • Қола: Інжу Баққожа (40 кг), Нұрайым Саяхмет (65 кг)

Еркін күрес:

  • Алтын: Ибрахим Ысқақбек (55 кг), Бекасыл Асамбек (60 кг)
  • Күміс: Сабыржан Рахатов (45 кг), Нұртай Наров (71 кг)
  • Қола: Темірлан Мұрат (48 кг), Дінмұхаммед Қасымбек (80 кг), Бейбарыс Ерғали (92 кг), Риза Изахар (110 кг)

Командалық есеп:

  • Еркін күрес – I орын
  • Грек-рим – II орын
  • Әйелдер күресі – IV орын

Айта кетейік, шілде айында Астанада ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты өтеді.

Фото: ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар