Нұрдәулет Ақыштың әдеби әлемі: Өскеменде көрнекті қаламгердің 75 жылдығына арналған кеш өтті

Қоғам 24-04-2025, 08:12 0

Өскемен қаласындағы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» және Жамбыл әдеби сыйлықтарының лауреаты, жазушы, профессор Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыштың 75 жылдығына арналған «Нұрдәулет Ақыштың әдеби әлемі» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Өскемен қаласындағы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» және Жамбыл әдеби сыйлықтарының лауреаты, жазушы, профессор Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыштың 75 жылдығына арналған «Нұрдәулет Ақыштың әдеби әлемі» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кешке қаланың зиялы қауым өкілдері, студенттер, қоғам қайраткерлері мен кітапхана оқырмандары жиналып, қаламгерге құрмет көрсетті. Әдеби кездесудің тізгінін жазушы-публицист, Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс филиалының төрағасы Әлібек Қаңтарбаев ұстады. Ол кеш иесінің өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып, жиналған қауымды ашық пікір алмасуға шақырды. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс филиалы атынан жазушының иығына шапан жауып, арнайы сый-құрмет көрсетті.

Кеш барысында қоғам және мәдениет қайраткерлері сөз алып, жазушының рухани және әдеби еңбектерін ерекше ықыласпен атап өтті. ШҚО Құрметті азаматы Сағынбек Ақанов қаламгердің шығармашылық әлемін жоғары бағалап, мерейтой иесінің 50 жасында белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевтың айтқан сөзін еске салды:

– Нұрдәулет айналайын! Сен адал пейіліңмен, терең біліміңмен, нәзік талғамыңмен ұлттық руханиятымыздың арғы-бергісіндегі шын асылдары мен ақықтарын әділ бағалауға атсалыстың, – деген болатын Ә.Кекілбаев.

Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты басшысы Ермек Құрманғали туған жерінің төл перзенті – Нұрдәулет Ақышты аудан әкімінің құттықтау хатын табыстай отырып, жазушының туған өлкеге деген ыстық ықыласын атап өтті.

Ал Аманжолов атындағы ШҚУ магистранты Айым Дүйсенбекова өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында жазушы шығармаларына талдау жасап жүргенін айтып, былай деді:

– Нұрдәулет Ақыш прозасындағы ұлттық тәрбие мен құндылықтар – қазіргі жастар үшін баға жетпес рухани қазына. Оның әр туындысы – ұлт болмысының көрінісі, – деді жас зерттеуші.

Кеште қаламгердің шығармашылығына арналған естеліктер де айтылды. Жерлесі Жеңісхан Қинаятов жазушының әкесі туралы жылы естеліктерімен бөлісті:

– Бәбихан ағаны ел адамдары «Бәбең» деуші еді. Сақылдаған сары аязда да ашық-шашық жүретін. Сонда жұрт: «Мынау ауырмай ма?» десе, білетіндер: «Ой, бұл ауырмайды, Дәулетбай батырдың ұрпағы емес пе!» деп күлетін, – деді ол.

Кеш соңында кітапхана ұжымы атынан сөз алған шара ұйымдастырушысы Гүлбаршын Абылғазинова қаламгерге ризашылығын білдіріп:

– Бұл кеш – тек мерейтой ғана емес, ұлттық әдебиетімізге деген құрметтің көрінісі. Жазушы шығармашылығы алдағы уақытта да оқырман жүрегінен орын таба беретініне сенеміз, – деді шара ұйымдастырушысы.
Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады