Ұлттық кітап күні: Риддерлік оқырмандар ерекше іс-шара өткізді

Жаңалықтар 24-04-2025, 13:18 0

Ұлттық кітап күніне орай Риддер қаласының Гоголь атындағы орталық қалалық кітапханасында "Кітапханадағы кеш" атты акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шараға қала әкімдігі, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, Риддер колледжінің студенттері, мектеп оқушылары және кітапхана оқырмандары шақырылды.

Мерекелік кеш салтанатты түрде ашылды. Қонақтар үшін фанфарлар ойналып, жылы лебіздер айтылды, Мәдениет сарайының әртістері арнайы концерттік бағдарлама ұсынды.

Кештің қадірлі қонағы ретінде кітапхананың ең қарт оқырманы – 97 жастағы Тамара Бедарева шақырылды. Ол – өмір бойы кітапқа деген сүйіспеншілігімен танылған жан. Қазіргі кезде де кітап оқуды жалғастырып келеді. Кітапхана қызметкерлері оның сүйікті басылымдарын үйіне жеткізіп береді, кейде өзі де келіп, кітап алады.

Сондай-ақ шараға орталық балалар кітапханасының ең белсенді оқырманы, №11 мектептің 2 сынып оқушысы Құмархан Мерейлім де шақырылды.

Мереке құрметіне орай Тамара Мефодьевна мен Мерейлімге естелік сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара бағдарламасына танымдық және ойын түріндегі бағдарламалар енгізіліп, жастар қауымы қазақстандық, соның ішінде риддерлік авторлардың шығармашылығымен және қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналған әдебиеттермен танысты. Қатысушылар түрлі интеллектуалдық ойындарға – квиздерге, байқауларға және сұрақ-жауап викториналарына қатысты.

Мерекелік кеш барша қатысушылардың есінде ұзақ сақталатын әсерлі шараға айналды.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады