Өскемендегі онкоорталықта ашық есік күні өтеді

Өскемен 27-03-2025, 17:05 0

29 наурызда, яғни алдағы сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында тоқ ішек пен жатыр мойыны қатерлі ісігін алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз-ақ жетекші онколог мамандардан кеңес алуға мүмкіндік бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келуіңіз қажет.

Онкоорталықтың мекенжайы: Өскемен, Потанин көшесі, 6-үй, 1-корпус (емхана).
Байланыс нөмірлері: 8 778 003 78 45, +7 (7232) 48-91-51.

Сонымен қатар дәл осы уақытта облыстағы барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында да ашық есік күні өтеді.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады