«Күй күмбірі» республикалық челленджіне ШҚО-дан 120 оқушы қатысты

Өскемен 20-03-2025, 12:05 0

Бүгін сағат 11:00-де еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және «Наурызнама» іс-шаралары аясында республикалық #Күйкүмбірі челленджі өтті. Бұл ауқымды шараға Шығыс Қазақстан облысынан 120 оқушы қатысып, өнерімен ерекшеленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Челлендждің басты мақсаты – жас ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, патриоттық рухты нығайту, мәдени мұрамызды сақтау және домбыра тарту өнерін кеңінен насихаттау. Ұлттық аспап арқылы халқымыздың бай музыкалық мұрасын танытуға бағытталған бұл бастама алғаш рет 2023 жылы ұйымдастырылып, содан бері ел көлемінде маңызды мәдени оқиға ретінде өз орнын тапты.

Аталған шара барысында қатысушылар тек домбырада ғана емес, дауылпазшертер сынды көне аспаптарда да әйгілі күйлерді орындап, ұлттық өнердің көпқырлылығын паш етті. Шара көрермендер мен әлеуметтік желі қолданушыларының оң бағасын алып, балалардың өнерге, әсіресе дәстүрлі музыкаға деген қызығушылығын арттырды.

#Күйкүмбірі – бұл жай ғана челлендж емес, ол – ұлттық сана мен руханиятты жаңғыртудың жарқын көрінісі. Осы арқылы еліміздің ертеңі саналатын жас буын ата-баба аманатына адал болуғамәдениетімізді қадірлеугеөнерді құрметтеуге үйренеді.

Наурыз мерекесінің аясында өткен бұл челлендж жаңару мен жаңғырудың нышаныбереке мен бірліктің үнікүйдің күмбірі арқылы жүректерге жол тартқан рухани сабақ болды.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады