Мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы бекітілді

Өскемен 31-03-2025, 13:40

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы бекітілді, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ ата-аналар, мұғалімдер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға көмектеседі.

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің міндеттері: 

  • Оқушыларға мамандық таңдауда қолдау көрсету;
  • Кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
  • Кәсіптік бағдарлау іс-шараларын ұйымдастыру;
  • Жұмыспен қамту орталықтары, колледждер және кәсіпорындармен байланыс орнату;
  • Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру.

pixabay.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар