Колледж студенттері мен оқытушылары үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы іске қосылды

Білім 24-04-2025, 08:14 1

Қазақстандық колледж студенттері мен педагогтері үшін ел ішінде және шет мемлекеттерде білім алмасуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама іске қосылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?
Бұл – колледж студенттері мен оқытушыларының басқа оқу орындарында (ел ішінде немесе шетелде) уақытша білім алуы немесе тағылымдамадан өтуі. Енді олар халықаралық тәжірибе жинап, кәсіби дамуын жаңа деңгейге көтере алады.

Бағдарламаға кемінде екі академиялық кезеңді аяқтаған және GPA көрсеткіші 2,5-тен төмен емес студенттер қатыса алады. Шетелде білім алу үшін шет тілін B2 деңгейінде меңгергенін растайтын халықаралық сертификат талап етіледі.
Жас шектеуі де бар: Қазақстан ішінде – 16 жастан, ал шетелде тағылымдамадан өту үшін – 18 жастан бастап қатысуға болады.

Бағдарлама бюджет қаржысы, білім гранттары, демеушілік және жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ең маңыздысы — мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы, ал педагогтердің жалақысы ұтқырлық кезеңінде толық сақталады.

Студенттер өз колледждеріне өтініш тапсырады, ал оқытушылар – жұмыс берушілеріне. Шетелде оқу үшін колледж орналасқан өңірдегі білім басқармасына жүгіну қажет.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады