Ұялы байланыс пен интернет тарифтері қымбаттайды

Өскемен 31-03-2025, 13:27 1
pixabay.com

Қазақстанда ұялы байланыс пен интернет қызметтерінің тарифтері тағы да өседі. Байланыс операторларының хабарлауынша, 21 сәуірден бастап қызмет құны шамамен 200 теңгеден 3000 теңгеге дейін қымбаттамақ, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Компаниялар бағаның өсуін желілерді жаңғыртуға, оларды күтіп ұстауға және жөндеуге кететін шығындардың артуымен байланыстырады. Сонымен қатар, инфляция және басқа да сыртқы факторлар да тарифтердің қымбаттауына әсер етіп отыр.

Жекелеген операторлар бойынша өзгерістер:

  • Kcell мен Activ тарифтері 300-700 теңге аралығында көтеріледі. Бұл өзгеріс кейбір мұрағатталған тарифтік жоспарларға да ықпал етеді.
  • Beeline бағаны ақпан айында-ақ өсірген, тарифтері 200-2400 теңге аралығында қымбаттаған.
  • Altel мен Tele2 тарифтерінің құны 1000-3000 теңгеге артты.
Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады