Шығыс Қазақстан облысында ардагерлерге 5 миллион теңгеден төлем жасалады

Өскемен / Қоғам 2-05-2025, 10:47 1

Altainews.kz тілшісінің хабарлауынша, Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, Жеңістің 80 жылдығына байланысты соғысқа қатысушылар мен куәгерлерге біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. Төлемдер жергілікті атқарушы органдардың шешімімен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде өңірде ҰОС ардагерлерінің әртүрлі санаттарына жататын 4 264 адам тұрады, – деп атап өтті әкімдік өкілдері.

Төлем мөлшері:

  • 12 ҰОС ардагері мен мүгедегіне – 5 миллион теңгеден;

  • 190 ардагерге (оның ішінде тыл еңбеккерлері, блокада куәгерлері, бұрынғы концлагерь тұтқындары және майдангерлердің жесірлері) – 130 мың теңгеден;

  • 4 062 тыл еңбеккеріне – 80 мың теңгеден төленеді.

Ардагерлерді қолдау және тарихи жадымызды сақтау – әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі. Жеңіс күні қарсаңында аға буын өкілдеріне арналған естелік кездесулер, салтанатты шаралар және арнайы құттықтаулар ұйымдастырылмақ.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады